ru en kz
ru en kz

Geely Auto компаниясы автомобиль саласында алғаш болып ISO/PAS 8800 халықаралық стандарты бойынша жасанды интеллект жүйелерінің қауіпсіздігін бағалау сертификатын алды. Бұл сертификат Geely технологияларының функционалдық және жасанды интеллект қауіпсіздігі бойынша ең жоғары талаптарға сай келетінін растайды. Қазақстанда брендті ресми дистрибьютор — Orbis Auto құрамына кіретін Geely Kazakhstan ұсынады.

ISO/PAS 8800 — жасанды интеллект жүйелерінің толық өмірлік циклін қамтитын заманауи халықаралық стандарт. Ол жобалау мен сынақтан бастап, нақты жол жағдайларында пайдалануға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Аталған сертификатты Германияның беделді аккредитациялық органы — DAkkS берген. Бұл Geely шешімдерінің техникалық кемелдігін, соның ішінде бағдарламалық жасақтама архитектурасын, техникалық құрамдастарын, ИИ жүйесіне жауапты компоненттер мен олардың жеткізу тізбегін растайды.

«Geely-дің әлем бойынша мұндай сертификатқа алғашқы болып қол жеткізген автокөлік компаниясы атанғанына қуаныштымыз. Бұл — ақылды әрі қауіпсіз көліктер жасау жолындағы маңызды қадам. Біздің басты мақсатымыз — технология арқылы қозғалысты жайлы ғана емес, баршаға қауіпсіз ету. Ал бұл сертификат — ең жоғары стандарттарға бейілдігіміздің нақты дәлелі»,деді Geely Kazakhstan дистрибуция директоры Регина Амерханова.

Geely Auto — көлік қауіпсіздігі саласында әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания бұл бағытта 1 560-тан астам патентке ие және ISO 26262 пен ISO 21448 секілді халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған. ISO/PAS 8800 стандарты бойынша сертификат алу — компанияның жаңа буынның ақылды, сенімді және қауіпсіз көліктерін жасауға бағытталған стратегиясының заңды жалғасы.

Бүгінде Қазақстанда ұсынылып отырған Geely модельдері — Monjaro, Atlas, Coolray, Okavango және Emgrand — толыққанды ИИ жүйелерімен жабдықталмаған. Алайда әрбір модель заманауи белсенді қауіпсіздік жүйелерімен және жүргізушіге арналған интеллектуалды көмекшілермен қамтылған. Барлық Geely автокөліктері халықаралық стандарттарға сай жасалып, белсенді және пассивті қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді — модельдің сыныбы мен жиынтығына қарамастан.

Қазақстандық тұтынушылар үшін тиімді несиелік бағдарлама ұсынылады: жылдық мөлшерлеме — 2,7%-дан бастап, бастапқы жарна — 20%-дан, мерзімі — 47 айға дейін.

Geely автокөліктері Қазақстанның 17 қаласындағы 22 ресми дилерлік орталықта қолжетімді: Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Жезқазған, Тараз.

Geely Auto компаниясы автомобиль саласында алғаш болып ISO/PAS 8800 халықаралық стандарты бойынша жасанды интеллект жүйелерінің қауіпсіздігін бағалау сертификатын алды. Бұл сертификат Geely технологияларының функционалдық және жасанды интеллект қауіпсіздігі бойынша ең жоғары талаптарға сай келетінін растайды. Қазақстанда брендті ресми дистрибьютор — Orbis Auto құрамына кіретін Geely Kazakhstan ұсынады.

ISO/PAS 8800 — жасанды интеллект жүйелерінің толық өмірлік циклін қамтитын заманауи халықаралық стандарт. Ол жобалау мен сынақтан бастап, нақты жол жағдайларында пайдалануға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Аталған сертификатты Германияның беделді аккредитациялық органы — DAkkS берген. Бұл Geely шешімдерінің техникалық кемелдігін, соның ішінде бағдарламалық жасақтама архитектурасын, техникалық құрамдастарын, ИИ жүйесіне жауапты компоненттер мен олардың жеткізу тізбегін растайды.

«Geely-дің әлем бойынша мұндай сертификатқа алғашқы болып қол жеткізген автокөлік компаниясы атанғанына қуаныштымыз. Бұл — ақылды әрі қауіпсіз көліктер жасау жолындағы маңызды қадам. Біздің басты мақсатымыз — технология арқылы қозғалысты жайлы ғана емес, баршаға қауіпсіз ету. Ал бұл сертификат — ең жоғары стандарттарға бейілдігіміздің нақты дәлелі», — деді Geely Kazakhstan дистрибуция директоры Регина Амерханова.

Geely Auto — көлік қауіпсіздігі саласында әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания бұл бағытта 1 560-тан астам патентке ие және ISO 26262 пен ISO 21448 секілді халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған. ISO/PAS 8800 стандарты бойынша сертификат алу — компанияның жаңа буынның ақылды, сенімді және қауіпсіз көліктерін жасауға бағытталған стратегиясының заңды жалғасы.

Бүгінде Қазақстанда ұсынылып отырған Geely модельдері — Monjaro, Atlas, Coolray, Okavango және Emgrand — толыққанды ИИ жүйелерімен жабдықталмаған. Алайда әрбір модель заманауи белсенді қауіпсіздік жүйелерімен және жүргізушіге арналған интеллектуалды көмекшілермен қамтылған. Барлық Geely автокөліктері халықаралық стандарттарға сай жасалып, белсенді және пассивті қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді — модельдің сыныбы мен жиынтығына қарамастан.

Қазақстандық тұтынушылар үшін тиімді несиелік бағдарлама ұсынылады: жылдық мөлшерлеме — 2,7%-дан бастап, бастапқы жарна — 20%-дан, мерзімі — 47 айға дейін.

Geely автокөліктері Қазақстанның 17 қаласындағы 22 ресми дилерлік орталықта қолжетімді: Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Жезқазған, Тараз.


Басқа жаңалықтар