Инженерлік аңыздың жаңа кезеңі - Қазақстанда жаңартылған Volkswagen Touareg сатылымға шықты

15 шілде 2025 жыл, Алматы, Қазақстан Республикасы. Volkswagen Kazakhstan, Volkswagen маркасының ресми дистрибьюторы және Orbis Auto автомобильдік тобының мүшесі, жаңартылған Volkswagen Touareg моделінің Қазақстандағы ресми сатылымының басталғанын хабарлайды.
Әлемдік автонарық тарихындағы ең технологиялық әрі сенімді SUV үлгілерінің бірі саналатын Touareg енді Elegance және R-Line жабдықталымдарында ұсынылады және еліміздің барлық ресми дилерлік орталықтарында қолжетімді. Бастапқы баға: 40,5 миллион теңгеден (Elegance жабдықталымында).
Touareg - инженерлік шеберлік пен неміс дәлдігінің символы
Touareg - бұл жай ғана автомобиль емес. Бұл - инженерлік шеберлік, жоғары технологиялар мен мінсіз стильдің үйлесімі. Модель алғаш таныстырылған сәттен бастап, ол бизнес-кластың жайлылығы мен жолсыз жерлердегі сенімділікті спорттық сипаттармен үйлестіретін толық көлемді жол талғамайтын көліктер сегментінің эталонына айналды.
Көліктің жүрегі - 252 ат күшін және 370 Н·м айналу моментін беретін жаңартылған 2,0 литрлік турбомотор. Ол 6,8 секундта 100 км/сағ жылдамдыққа жетеді.
Қозғалтқыш 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен және 4MOTION интеллектуалды толық жетек жүйесімен бірге жұмыс істейді. Бұл Touareg-ке қала жолдарында да, күрделі рельефті таулы аймақтарда да жоғары сенімділік пен басқару мүмкіндігін береді.
Volkswagen Kazakhstan директоры Роман Кузьмин былай деді:
«Жаңартылған Touareg - бұл Volkswagen инженериясының шыңдалған көрінісі. Оның құрылымы - ондаған жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен миллиондаған жүргізушілердің пікіріне негізделген. Бұл — техникадан хабары бар, жайлылық пен сенімділікті бағалайтын адамдардың таңдауы».
Сыртқы келбеті мен жаңа буындағы технологиялар
Touareg-тің дизайны одан әрі айқын және заманауи сипатқа ие болды:
- жаңартылған радиатор торы
- аэродинамикалық алдыңғы бампер
- спорттық R-Line акценттері
Модельдің басты жаңалығы - әрқайсысында 19 216 жарықдиоды бар IQ.Light HD матрицалық фаралары. Олар жол қозғалысы жағдайларына бейімделіп, керемет көріну мүмкіндігін қамтамасыз етеді және қарсы келе жатқан жүргізушілерге жарықтың шағылуын азайтады.
Сондай-ақ, артқы бөлігінде орналасқан жарық беретін жаңа Volkswagen логотипі - дизайнның заманауи және ерекше элементі.
XXI ғасыр жүргізушісіне арналған цифрлық интерьер
Жаңартылған Touareg жүргізуші мен жолаушылар үшін одан әрі ыңғайлы әрі технологиялық болды.
Интерьердегі негізгі жаңартулар:
- толық цифрлық Digital Cockpit аспаптар панелі
- 15 дюймдік Discover Pro Max мультимедиа экраны
- Apple CarPlay және Android Auto жүйелері - енді сымсыз қосылумен
- ergoComfort орындықтары: жылыту, желдету және массаж функцияларымен
- USB-C порттары (қуаты 45 Вт)
- алдыңғы және артқы орындықтардың, рульдің және алдыңғы әйнектің жылыту жүйесі
- екі аймақты климат-бақылау жүйесі
- жоғары сапалы материалдармен әрлеу
Барлық элементтер дәстүрлі неміс нақтылығымен және жайлылыққа баса назар аудара отырып жобаланған.
Ақылды технологиялар мен қауіпсіздік жүйелері
Touareg заманауи технологиялармен жабдықталған және жүргізушіге барынша қолдау көрсетеді. Жүйелердің ішіндегі маңыздысы:
- бейімделетін аспалы жүйе (жол саңылауын реттеу мүмкіндігімен)
- Night Vision — жылукамерасы бар түнгі көру жүйесі
- жолақта ұстау, соқыр аймақты бақылау, соқтығысудың алдын алу жүйелері
- айналмалы камералар, артқы көрініс камерасы және Head-Up дисплей
Сондай-ақ, Touareg-те шатырға орнатылған жүктеме сенсоры бар: егер көлік төбесінде жүк болса, көлік өзі аспа мен тұрақтылық жүйесінің жұмысын бейімдейді.
Touareg - неміс сапасына деген сенім
Барлық Touareg үлгілері тікелей Германиядан жеткізіледі - бұл жоғары сапа стандарттарына толық сәйкестіктің кепілі.
Touareg - бұл тек көлік тізгінін ұстау ғана емес, нағыз инженерлік тепе-теңдікті, сенімділікті және сапар барысында толық бақылауды сезіну.
Жаңартылған Volkswagen Touareg Қазақстандағы ресми дилерлік орталықтарда сатылымда:
Алматы, Астана, Қостанай, Орал, Атырау және Шымкент қалаларында.
Неліктен бұл модель неміс инженериясының нағыз бестселлері атанып отырғанын өзіңіз көзбен көріңіз.