ru en kz
ru en kz

6 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Haragun кешенінде көптен күткен ZEEKR 7X кроссоверінің ресми таныстырылымы өтті. Бұл – Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Orbis Auto компаниясы болып табылатын премиум электрлі брендтің жаңа моделі.

Іс-шараға 200-ден астам қонақ жиналды. Олардың қатарында танымал тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және брендтің әлеуетті клиенттері болды. Қонақтарға ZEEKR философиясын – Indulge Every Journey толық ашып көрсететін мазмұнды бағдарлама ұсынылды.

Тест-драйвтар және алғашқы сатылымдар

Қазақстандық көрермендерге алғаш рет бірден 10 ZEEKR 7X көлігі ұсынылып, олармен танысуға және тест-драйв жасауға мүмкіндік берілді. Кеш барысында 70-тен астам сынақтық сапар жасалып, 50-ден астам тапсырыс рәсімделді. Қонақтар жаңа модельдің динамикасын, жайлылығын және технологиялық мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

Кештің ерекше сәті – Қазақстандағы ең алғашқы ZEEKR 7X автокөлігінің иесіне табысталуы болды. Ол – танымал қазақстандық боксшы Әли Ахметовтың әкесі. Ұлдары әкесіне тосын сый жасап, сахнада жаңа автокөліктің алғашқы кілтін салтанатты түрде табыстады.

Саяхат атмосферасы және ерекше белсенділіктер

Кештің тұжырымдамасы — One Charge – 1000 Stories. Ол ZEEKR 7X-тің бір толық қуаттаумен жаңа бағыттарды ашуға және Қазақстанның ең әсем жерлерін аралауға мүмкіндік беретінін айқындады. Ұйымдастырушылар қонақтарды жаңа эмоциялар мен әсерлер сыйлайтын саяхаттарға шабыттандырды.

Қонақтар үшін арнайы дайындалған белсенділіктер қатарында:

Бағдарламаның әрбір бөлігі табиғатты аялау философиясын және ZEEKR-дің тек автомобиль ғана емес, жаңа өмір салтын қалыптастыруға деген ұмтылысын көрсетті.

Басқа жаңалықтар