ru en kz
ru en kz

Бейжің халықаралық автокөрмесі (Auto China 2026) аясында Orbis Auto автомобильдер тобы мен Chery Holding Group құрамына кіретін халықаралық LEPAS автомобиль бренді Қазақстанда LEPAS автокөліктерін дистрибуциялау туралы келісімге қол қойды.

Келісімге Orbis Auto бас директоры Динара Искакова мен LEPAS брендінің CEO-сы Чжай Сяобин қол қойды. Құжат Қазақстан нарығына LEPAS брендін шығару, автокөліктерді жеткізуді ұйымдастыру, дилерлік желіні және сервистік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін қамтиды.

img

Бейжің автосалонында келісімге қол қоюды түсіндіре отырып, LEPAS CEO-сы Чжай Сяобин Қазақстан компания үшін Орталық Азиядағы негізгі нарықтардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық нарықта заманауи технологиялық шешімдері мен жоғары жабдықталу деңгейі бар жаңа буын автокөліктер ұсынылады.

img

«Қазақстан біз үшін өңірдегі стратегиялық маңызды нарықтардың бірі болып табылады. Жергілікті тұтынушылар заманауи әрі технологиялық автокөліктерге қызығушылық танытып келеді. Біз LEPAS-тың үш моделі – L4, L6 және L8 – нарықта жоғары сұранысқа ие болады деп сенеміз. Алдағы уақытта LEPAS компаниясы Orbis Auto-мен бірге қазақстандық нарықтың сұраныстарын ескере отырып, модельдік қатарды кеңейтуді жалғастырады», – деді Чжай Сяобин.

img

Өз кезегінде Orbis Auto бас директоры Динара Искакова LEPAS брендінің технологиялық базасы, атап айтқанда LEX платформасы, Қазақстандағы модельдік қатарды қалыптастыруда жаңа мүмкіндіктер ашатынын және автокөлік әзірлеудегі заманауи тәсілді көрсететінін атап өтті.

«LEX платформасы бізге өнім портфелін икемді басқаруға мүмкіндік береді және нарыққа әртүрлі технологиялық нұсқадағы – бензинді, гибридті және толық электрлі модельдерді шығаруға жағдай жасайды. Бұл бір модельдің әртүрлі қуат көздерімен ұсынылуына жол ашып, тұтынушы үшін таңдау мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Біз үшін брендті шығару ғана емес, сонымен қатар тиімді сату және сервистік қызмет көрсету жүйесін құру да маңызды. Біз клиент тек автокөлік емес, оның сапалы қолдауына сенімділік алатын ұзақ мерзімді қатысуды қалыптастырамыз», – деді Динара Искакова.

img

Қазақстанда сатылымның алғашқы кезеңінде LEPAS-тың үш моделі – L4, L6 және L8 – қатар ұсынылады.

Брендтің модельдік қатары әртүрлі сегменттегі кроссоверлерден құралады:

Қазақстанда LEPAS автокөліктерінің сатылымы Orbis Auto дилерлік желісі арқылы жүзеге асырылады.

АНЫҚТАМА

LEPAS туралы
LEPAS – Chery Holding Group құрамына кіретін автомобиль бренді. Брендтің модельдік қатары заманауи кроссоверлерден тұрады және LEPAS L4, L6 және L8 модельдерін қамтиды.

img

LEPAS автокөліктері Chery Group концернінің инновациялық интеллектуалды LEX платформасында жасалған. Бұл платформа әртүрлі қуат көздері бар автокөліктерді – толық электрлі модельдерден бастап гибридті шешімдерге дейін – нарыққа жылдам шығаруға мүмкіндік береді. Соның арқасында бренд тиімді инвестиция жасап, модельдік қатарды кеңейтіп, жаһандық талаптар мен тұтынушылардың күтулеріне сай келеді.

LEPAS атауы үш сөзден құралған: LEOPARD, LEAP және PASSION.

LEOPARD – жылдамдықты, күшті және әсемдікті білдіреді және брендтің Leopard Aesthetics дизайн философиясын көрсетеді.
LEAP – брендтің қарқынды өсуге, технологиялық көшбасшылыққа және жаңа шекараларды игеруге деген ұмтылысын білдіреді.
PASSION – брендтің эмоциялық құрамдас бөлігін және практикалық әрі тартымды дизайнды біріктіретін автокөліктер жасауға деген құлшынысын көрсетеді.

LEPAS өнімдік стратегиясы жаңа энергия көздеріне негізделген автокөліктерді – толық электрлі (BEV) және қосылатын гибридті (PHEV) модельдерді қоса отырып, модельдік қатарды кеңейтуді көздейді.

Басқа жаңалықтар